Жартылай орта салмақтағы UFC-дің қазіргі чемпионы Ислам Махачев өзін бұған дейін көпшілік алдында «кішкентай ханшайым» деп атаған ирландиялық Иан Гарридің шақыруына жауап берді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ, сілтеме «Чемпионатқа».
Ресейлік файтер Х әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы UFC рейтингінде 77 кг дейінгі салмақта екінші орында тұрған қарсыласына қарсы октагонға шығуға дайын екенін аңғартты.
«Менің жарақаттарым туралы уайымдама. Мен кез келген сәтте дайынмын. Келісімді күтемін», — деп жазды Махачев.
Айта кетейік, Махачев UFC-дегі әсерлі 16 жеңістен тұратын сериясын жалғастырып келеді. Оның кәсіби мансабында 28 жеңіс және бір ғана жеңіліс тіркелген.
Соңғы жекпе-жегін ол Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы өткізді. Кездесуде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атағы сарапқа салынды, бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Махачевке берді.
