Фото: MiguelPhoto на Unsplash
Теннис/2026 ж. 23 сәуір

Испандық теннисші Laureus марапатын түс секілді сезінгенін айтты

Bookie.kz жаңалықтар редакциясы

Үлкен дулыға турнирлерінің жеті дүркін жеңімпазы, әлемнің екінші ракеткасы испаниялық Карлос Алькарас Laureus марапатында «Жыл спортшысы» жүлдесін алғаннан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Теннисші үшін салтанатты рәсімге қатысудың өзі ерекше оқиға болғанын атап өтті, өйткені залда әрқайсысы өз саласында аңызға айналған түрлі спорт түрлерінің көрнекті өкілдері жиналған.

«Честно говоря, быть на Laureus — это настоящее удовольствие, потому что там очень много людей, каждый — легенда в своём деле. В каком-то смысле это даже немного непривычно, к таким-то моментам невозможно до конца привыкнуть», — деді Алькарас Mutua Madrid Open подкастында.

Ол «Жыл спортшысы» атағын иелену өзіне ерекше әсер қалдырғанын және сезім тұрғысынан түс көргендей болғанын айтты. Испаниялық спортшының сөзінше, өзінің есімін ұлы спортшылармен бір тізімде көру — ол үшін шын мәнінде ақылға қонбайтын, ерекше жағдай болған.

«Выиграть награду лучшему спортсмену года — это было словно во сне. Оказаться в одном списке с такими легендами, увидеть там своё имя — для меня это что-то невероятное, настоящее безумие. Поэтому я пережил этот момент с особым восторгом», — деп атап өтті теннисші.

Алькарас салтанатты рәсім Мадридте өткенін, дәл осы қалада қазір «Мастерс» сериясындағы турнир өтіп жатқанын, алайда жарақатына байланысты ол жарысқа қатыса алмайтынын айтты. Оның айтуынша, бұл жайт эмоцияларына белгілі бір деңгейде әсер еткен, бірақ соған қарамастан, ол шарадан зор ләззат алған.

«Конечно, из-за того, что всё проходило в Мадриде, а я не могу принять участие в турнире, ощущения немного отличались. Несмотря на это, получил огромное удовольствие», — деп қорытындылады Алькарас.
Бізге қосылыңыз

Жеңіске бірге жетейік!

Telegram каналымызға жазылып, соңғы жаңалықтар мен нақты болжамдарды бірінші болып оқыңыз.

Жазылу