Грекияның ОФИ клубының қорғаушысы Илиас Хадзитеодоридис ПАОК командасымен өткен және 3:2 есебімен аяқталған Грекия кубогының финалындағы жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды BOOKIE.KZ ASnews.kz дерегіне сілтеме жасап.
Футболшы команда екі маусым қатарынан турнирдің шешуші матчының қатысушысы болғанын еске салды. Өткен жылы ОФИ 38 жылдық үзілістен кейін алғаш рет финалға шыққанымен, «Олимпиакоспен» өткен ойында 0:2 есебімен жеңіліп қалған.
«Это второй трофей в моей карьере, и он многое значит для ОФИ. Мы очень расстроились в прошлом году, когда пробились в финал впервые за 38 лет, и проиграли “Олимпиакосу” (0:2). А теперь повторили достижение с хеппи-эндом. Фанаты наконец ощутили безмерную радость. Эти чувства не описать», – сказал 28-летний игрок.
ПАОК Грекия кубогын сегіз мәрте иеленген клуб ретінде белгілі. Соған қарамастан, ОФИ құрамының трансферлік құны қарсыласынан шамамен алты есе төмен: 15,2 миллион еуро, ал ПАОК ойыншылары 96,83 миллион еуроға бағаланады.
Илиас Хадзитеодоридис – Қазақстаннан қоныс аударған отбасынан шыққан футболшы, оның жанұясы 1990 жылдарға дейін Шымкентте тұрған. Қазіргі маусымда шеткі қорғаушы 24 матчқа қатысты. Бұған дейін ол Англияның «Арсенал» және «Брентфорд» клубтарында, сондай-ақ Афинадағы «Панатинаикос» сапында ойнаған.
