Ресейлік теннисші Даниил Медведев Мадридтегі грунттағы «Мастерс» турнирінің 1/8 финалына шыққаннан кейін 2025/2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының жартылай финалдарына және «Атлетико» — «Арсенал» матчына бару мүмкіндігіне көзқарасын бөлісті, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Спортшы бастапқыда мадридтік «Атлетиконың» алғашқы жартылай финалдық кездесуін өзі өнер көрсетіп жатқан қалада өткізетінін ойламағанын айтты.
«Я, кстати, даже не подумал, что они же в Мадриде первый матч играют. Тут про расписание всё легко. Если проигрываю, то, наверное, иду действительно, потому что матч хороший. Если выиграю, то не пойду — буду дальше готовиться к своим матчам», — деді Медведев.
Ол әрдайым өзінің спорттық мақсаттарын басты орынға қоятынын және ең тартымды футбол матчын көруден гөрі корттағы күресті жалғастыруды жөн санайтынын атап өтті.
Чемпиондар лигасындағы күштер тепе-теңдігін бағалай отырып, Медведев «Бавария» — ПСЖ жұбының жеңімпазы оның пікірінше басты фаворит болатынын айтты. Дегенмен ол бұл қарсыласудың нәтижесі турнирдің чемпионын алдын ала анықтайды дегенмен келіспейді.
«Понятное дело, что „Бавария“ и „ПСЖ“ — кто выиграет, тот будет фаворитом. Но „Арсенал“ и „Атлетико“ — это команды, которые в защите могут не пропустить, потом там один гол Сёрлот или кто там, Хаверц, забивает — и всё, финал окончен. Поэтому финал в любом случае будет интересен», — деп атап өтті теннисші.
