Әлемнің тоғызыншы ракеткасы, италиялық теннисші Жасмин Паолини Мадридте өтіп жатқан WTA-1000 турнирін үшінші айналымда аяқтады. Ол америкалық Хейли Баптистке 5:7, 3:6 есебімен жол берді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» дерегіне сілтеме жасап.
Кездесу Испания астанасындағы грунт корттарында өтіп, 1 сағат 51 минутқа созылды. Әлемдік рейтингте 32-орында тұрған Баптист матч барысында 14 эйс орындап, алты қос қате жіберді және тоғыз брейк-пойнттың үшеуін іске асырды.
Паолини бұған екі эйс және бір қос қате көрсеткішімен жауап берді, алайда тоғыз мүмкіндіктің тек бірінде ғана брейк-пойнтты жүзеге асыра алды. Осылайша италиялық спортшы беделді турнирдің ширек финалына шыға алмады.
Мадридтегі жарыстың 1/4 финалында Хейли Баптист Швейцария теннисшісі Белинда Бенчичпен кездеседі.
