Әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік теннисші Арина Соболенко сет жоғалтпай Румыния өкілі Жаклин Кристианды жеңіп, Мадридте өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің төртінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
Үшінші айналымдағы кездесу Соболенконың пайдасына 6:1, 6:4 есебімен аяқталды. Ойын 1 сағат 25 минутқа созылды.
Осы уақыт ішінде Соболенко төрт эйс жасап, екі қос қате жіберді. Сондай-ақ әлемнің бірінші ракеткасы жеті брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.
33-орында тұрған Жаклин Кристиан бес эйс орындап, екі қос қате жіберді және төрт брейк-пойнттың бірде-бірін пайдалана алмады.
Мадридтегі турнирдің келесі кезеңінде Арина Соболенко жапониялық Наоми Осака мен украиналық Ангелина Калинина арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
