«Лос-Анджелес Кингз» шабуылшысы Артемий Панарин Стэнли кубогының бірінші раунды аясында «Колорадо Эвеланшке» қарсы алғашқы ойында қатты толқығанын мойындады, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Серияның екі бастапқы кездесуінде ресейлік форвард әр матчта бір-бірден шайба соқты, бірақ оның командасы екеуінде де жеңіліп қалды. Екінші ойыннан кейінгі жалпы есеп — денверлік клубтың пайдасына 2:0.
22 сәуірде өткен екінші кездесуде «Лос-Анджелес» есепті Панариннің голымен ашты, алайда «Колорадо» үшінші кезеңнің соңында таразы басын теңестіріп, овертаймда жеңісті жұлып алды — 2:1.
«Такое ощущение, что я давно не играл в плей-офф, хотя прошло всего два года. Немного нервничал в первой игре. Если честно, не немного, а сильно», — деп келтіреді Панариннің сөзін The Athletic онлайн-басылымы.
НХЛ-дың тұрақты маусымы қорытындысы бойынша «Колорадо Эвеланш» Батыс конференциясында 82 матчта 121 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. «Лос-Анджелес Кингз» 90 ұпаймен сегізінші сатыда тұрақтады.
