Ресейлік теннисші Диана Шнайдер осы маусымдағы алғашқы жұптық кездесу алдында, Олимпиада-2024-те жұптық разрядта күміс медаль жеңіп алған отандасы Мирра Андреевамен қайтадан бірге ойнау жайлы көңіл күйімен бөлісті, деп хабарлайды BOOKIE.KZ, дереккөзі — «Чемпионат».
Спортшы бұрынғы серіктесімен кортта қайта күш біріктіретініне қуанышты екенін атап өтіп, ұзақ үзілістен кейін бірлескен ойындарды сағынғанын жеткізді.
«Я рада снова играть с Миррой и с нетерпением жду завтрашнего первого матча. Посмотрим, как всё пойдёт, ведь прошло много времени. Но, безусловно, мы отлично проведём время. И нам это точно понравится», — сказала Шнайдер.
Шнайдер мен Андреева Мадридтегі WTA-1000 турнирінде жұптық разрядтағы өнерін бірінші айналымнан бастайды. Олар Чехия өкілі Анастасия Децюк пен Польша теннисшісі Катаржина Питер дуэтіне қарсы ойнайды. Кездесу ертең, 24 сәуірге жоспарланған.
