Мысыр құрамасының директоры Ибрагим Хасан «Ливерпуль» вингері Мохамед Салах АПЛ-де «Кристал Пэласқа» қарсы өткен (3:1) ойында алған жарақатына байланысты осы маусымда алаңға қайта шықпайтынын хабарлады, деп жазады BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Хасан Reuters агенттігіне берген түсініктемесінде 33 жастағы шабуылшыда тізе асты сіңірінің жыртылуы анықталғанын айтты. Медициналық штабтың бағалауынша, Салахқа толық қалпына келу үшін шамамен төрт апта қажет болады.
Мысыр футбол қауымдастығы ұлттық құраманың көшбасшысы 2026 жылғы әлем чемпионатының басталуына дейін оңтайлы жағдайына оралады деп үміттеніп отыр. Топтық кезеңде Мысыр құрамасы Бельгия, Жаңа Зеландия және Иран командаларымен кездеседі.
Хасанның сөзінше, Салахтың өзі де Солтүстік Америкада 11 маусымда басталатын әлем біріншілігінің ашылуына дейін қатарға қосылуды мақсат етіп отыр.
Бұған дейін Мохамед Салах маусым аяқталған соң «Ливерпульден» еркін агент ретінде кететіні хабарланған еді. Қазіргі маусымда ол барлық турнирлерде 39 матч өткізіп, 12 гол соқты және 9 нәтижелі пас берді.
