«Арсенал» бас бапкері Микель Артета АПЛ-дің 34-турындағы матчта «Ньюкасл» қақпашысы Ник Поуп лондондықтардың шабуылшысы Виктор Дьёкерешке қарсы жасаған фолы үшін тікелей қызыл қағаз алуға тиіс еді деп мәлімдеді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
Даулы эпизод ойынның 74-минутында болды: Поуп «канонирлер» шабуылшысына қарсы ереже бұзды, алайда төреші оған тек сары қағаз көрсетті. Кездесу нәтижесінде «Арсеналдың» 1:0 есебімен минималды жеңісімен аяқталды.
Артета даулы сәтті мұқият қарап шыққанын және төреші қарсылас қақпашыны алаңнан қууы керек еді деген пікірінде қалғанын атап өтті. Ол, сондай-ақ, өзінің ойынша, ұқсас жағдай жуырда өткен «Манчестер Ситиге» қарсы ойында да тіркелгенін еске салды.
«Это чистая красная карточка, я пересмотрел момент 10 раз. Если вы хоть раз играли в футбол, вы понимаете, что это красная. Это происходит уже во второй раз за две игры, потому что в матче с „Манчестер Сити“, когда Хусанов сфолил на Хавертце при счёте 1:1, тоже должны были показать красную», — сказал Артета в эфире ESPN.
Бапкердің айтуынша, мұндай төрешілік шешімдер матчтардың нәтижесіне елеулі әсер етеді. Сонымен қатар ол бұл эпизод туралы команда жеңіске жеткеннен кейін айтып отырғанын, сондықтан мұны сәтсіздіктерді ақтау әрекеті ретінде қабылдамау керектігін атап өтті.
