Фото: David Vives на Unsplash
Футбол/2026 ж. 25 сәуір

«Ұяттарың жоқ»: «Реал» жанкүйерлері матчтан кейін ойыншыларды қатаң сынға алды

Bookie.kz жаңалықтар редакциясы

Мадридтік «Реал» жанкүйерлері Испания чемпионатының 32-турында «Бетиске» қарсы сырт алаңдағы 1:1 есебімен аяқталған ойында команда ойынына наразы болып, стадионнан шыққан футболшыларға талаптарын ашық жеткізді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ El Chiringuito және «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Кездесу Севильяда өтіп, тең нәтижемен аяқталды. «Реал» 17-минутта Винисиус Жуниордың голының арқасында есеп ашты, алайда алаң иелері қосылған уақытта таразы басын теңестірді — Бельерин 90+4-минутта гол соқты.

Испандық телеарнаның мәліметінше, мадридтік клубтың бірқатар жанкүйері матчтан кейін ойыншыларды күтіп, олардың ойынына көңілі толмағанын білдірді.

«Ұяттарың жоқ, беттеріңді көрсетіңдер!» — деп айқайлады «корольдік клубтың» жанкүйерлерінің бірі.

Альваро Арбелоа жаттықтыратын команда матчтың соңғы минуттарында жеңісті қолдан шығарып алып, бір ұпаймен шектелді.

Ла Лиганың 32 турынан кейін «Реалдың» еншісінде 74 ұпай бар, команда турнир кестесінде екінші орында тұр. «Барселонадан» сегіз ұпайға қалып келеді, сонымен қатар каталониялық клуб бір матчты кем өткізген.

Келесі турда Альваро Арбелоаның шәкірттері «Эспаньолға» қарсы ойнайды. Кездесу 3 мамырға жоспарланған.

Бізге қосылыңыз

Жеңіске бірге жетейік!

Telegram каналымызға жазылып, соңғы жаңалықтар мен нақты болжамдарды бірінші болып оқыңыз.

Жазылу

Басқа жаңалықтар

Болжамдар