Фото: Taylor Friehl на Unsplash
Хоккей/2026 ж. 25 сәуір

КХЛ вице-президенті Малкиннің «Питтсбургте» карьераны аяқтау ниеті туралы айтты

Bookie.kz жаңалықтар редакциясы

Континенталдық хоккей лигасының вице-президенті Валерий Каменский шабуылшы Евгений Малкиннің НХЛ-дегі «Питтсбург Пингвинз» клубында карьерасын аяқтау ниеті жөніндегі мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «РИА Новости Спорт» және «Чемпионат» дерегіне сілтеме жасап.

Функционер ресейлік форвард әлі де жоғары деңгейде ойнап жүргенін және өз клубы үшін маңызды ойыншы болып қала беретінін атап өтті.

«Женя — хоккеист высокого уровня, в этом сезоне он показал, что у него ещё много сил и энтузиазма. Он, естественно, будет одним из лидеров „Питтсбурга“», — деп келтіреді Каменскийдің сөзін «РИА Новости Спорт».

Каменскийдің айтуынша, қазіргі уақытта Малкиннің Ресейге оралып, жергілікті клубтарда ойнау жоспары бар-жоғы белгісіз. Ол шабуылшының карьерасын дәл НХЛ-де аяқтауға ұмтылуы мүмкін екенін, бірақ түпкі шешімнің хоккейшінің өзіне тиесілі екенін жеткізді.

«Мы пока не знаем, есть ли у него планы поиграть в России, может быть, он хочет завершить карьеру именно в НХЛ. Это надо спросить у него. В любом случае надо сыграть сезон в НХЛ и потом решать. Сразу такие вопросы не обсуждаются», — деді Каменский.
Бізге қосылыңыз

Жеңіске бірге жетейік!

Telegram каналымызға жазылып, соңғы жаңалықтар мен нақты болжамдарды бірінші болып оқыңыз.

Жазылу