«Ливерпуль» басшылығы Португалия құрамасы мен «Порту» клубының қақпашысы Диогу Коштаны Алиссон Бекер алдағы жазда командадан кететін жағдайда негізгі үміткерлер қатарына қосты, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» порталына сілтеме жасап.
Британдық TEAMtalk порталының мәліметінше, ағылшын клубы 26 жастағы қақпашыға қызығушылығын күшейткен. Дереккөздің хабарлауынша, бапкерлік штаб пен селекциялық қызмет биылғы маусымда қосалқы қақпашы Георгий Мамардашвилидің ойынына толықтай қанағаттанбаған.
Сонымен бірге Кошта «Ливерпуль» қарастырып отырған нұсқалардың бірі ғана екені, клуб қақпа сызығын күшейту үшін өзге кандидаттарды да параллель түрде зерттеп жатқаны атап өтіледі.
Қазіргі маусымда Диогу Кошта «Порту» сапында барлық турнирлерде 47 матч өткізіп, оның 24-інде қақпасын голдан аман сақтады. Қақпашының португалиялық клубпен қолданыстағы келісімшарты 2030 жылдың жазы аяқталғанға дейін күшінде.
Transfermarkt порталының деректеріне сәйкес, португалиялық қақпашының нарықтық құны € 40 млн көлемінде бағаланады.
