«Пари Сен-Жермен» қақпашысы Матвей Сафонов сырт алаңдағы «Анже» үстінен жеңісті матчті қорытындылап, Лига 1-дің 31-турындағы ойында париждік ойыншылардың жейделерінде неге фамилиялар болмағанын түсіндірді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Ресейлік қақпашы Франция чемпионатындағы алдағы Чемпиондар лигасы ойындарының алдында команда тапсырманы сенімді орындап, 3:0 есебімен ірі жеңіске жеткенін атап өтті.
«Привет, взяли три очка. Спокойная победа — то, что и нужно было перед матчами ЛЧ», — деп жазды Сафонов өзінің телеграм-арнасында.
Қақпашының айтуынша, бұл кездесуде «ПСЖ» футболшылары алаңға өз фамилияларымен емес, әр кезеңде дискриминацияға ұшыраған адамдардың есімдері жазылған жейделермен шыққан.
«Для тех, кто не заметил: у нас на футболках были не наши фамилии, а различные имена. Это имена тех, кто по той или иной причине подвергался дискриминации», — деп атап өтті Сафонов.
Оның сөзінше, есімдер ойыншылар арасында кездейсоқ тәртіппен бөлінген, бұл кез келген себепке қарамастан, қудалау мен кемсітушілікке жол берілмеуі тиіс екенін көрсетуге бағытталған.
«Для меня символично, что имена нам дали в случайном порядке как показатель того, что неважно, по какой причине человек сталкивается с травлей, это ненормально в любой ситуации», — деп қосты қақпашы.
Сафонов бұл акция қысым мен дискриминацияға тап болған адамдарға қолдау көрсетіп, олардың күш-жігері мен алға ұмтылысын сақтауға көмектеседі деген үмітін білдірді.
«Всем нужна поддержка, и я буду рад, если наш выход на поле в футболках с именами этих людей поможет кому-то справиться с давлением и найти силы двигаться дальше», — деп түйіндеді голкипер.
Франция чемпионатында 30 матч өткізгеннен кейін «ПСЖ» 69 ұпай жинап, Лига 1 турнир кестесінде бірінші орында тұр.
