Фото: Max на Unsplash
Футбол/2026 ж. 26 сәуір

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы «Ордабасы» қалай «Қызылжарды» жеңгенін түсіндірді

Bookie.kz жаңалықтар редакциясы

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Евгений Аверченко Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турындағы петропавлдық «Қызылжар» бен шымкенттік «Ордабасы» арасындағы, 2:1 есебімен аяқталған сырт алаңдағы матчқа қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды BOOKIE.KZ сайты Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, кездесудің алғашқы жартысында ойын бастамасы негізінен Шымкент клубының қолында болды, ал үзілістен кейін бастама алаң иелеріне өтті.

«В первом тайме инициативой больше владел „Ордабасы“, но после перерыва картинка развернулась в другую сторону и преимуществом завладел „Кызылжар“. На результат матча повлияло то, что шымкентский клуб смог реализовать свои моменты, а вот петропавловцы нет. Игра была совершенно равной, то „Ордабасы“ повезло больше», — сказал специалист.

Хабарланғандай, Петропавлдағы жеңіс «Ордабасыға» 15 ұпай жинап, КПЛ турнирлік кестесінде бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді. «Қызылжар» бұл кездесуден кейін 11 ұпаймен бесінші орында тұр.

Бізге қосылыңыз

Жеңіске бірге жетейік!

Telegram каналымызға жазылып, соңғы жаңалықтар мен нақты болжамдарды бірінші болып оқыңыз.

Жазылу

Басқа жаңалықтар

Болжамдар