«Манчестер Сити» мен «Челси» 2025/2026 жылғы маусымдағы Англия кубогының финалына жолдама алды, шешуші кездесу 16 мамырда Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
Финалға дейінгі жолда қазіргі Англия чемпионы «Эксетер Ситиді» (10:1), «Солфорд Ситиді» (2:0), «Ньюкасл Юнайтедті» (3:1), «Ливерпульді» (4:0) және «Саутгемптонды» (2:1) тізе бүктірді. Осы нәтижелердің арқасында «қалалықтар» клуб тарихындағы сегізінші Англия кубогын жеңіп алу мүмкіндігіне ие болды.
«Челси» де турнир қашықтығын сенімді еңсерді. Лондондық команда «Чарльтон Атлетикті» (5:1), «Халл Ситиді» (4:0), «Рексемді» (4:2), «Порт Вейлді» (7:0) жеңіп, жартылай финалда «Лидс Юнайтедтен» 1:0 есебімен басым түсті.
Тарихқа көз жүгіртсек, Англия кубогын ең көп иеленген клуб – лондондық «Арсенал», «канонирлердің» еншісінде 14 титул бар. Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында – 13 мәрте жеңімпаз атанған «Манчестер Юнайтед». Үшінші орынды «Ливерпуль», «Тоттенхэм Хотспур» және «Челси» бөліседі, олардың әрқайсысы турнирде сегіз рет топ жарған.
Алдағы финал алдында «Манчестер Сити» жеті Англия кубогымен сынға түседі және жүлделер саны бойынша көшбасшы клубтарға жақындауға мүмкіндік алады.
