UFC-дің орта салмақтағы чемпионы Хамзат Чимаев Арман Царукянмен бірлескен бейнероликте ресейлік және армян спортшысының қымбат көліктерге әуестігін әзілге айналдырды, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» дерегіне сілтеме жасап.
Бейнебаянның басында Царукян элиталық автокөліктің жанында тұрып, ақшасыз қалғанын мысқылмен айтады.
«Я на мели, брат», — деді Царукян.
Чимаев әріптесін сән-салтанатты көрсетуден бас тартып, қарапайым көлікпен келуге бірнеше рет көндірмек болғанын, бірақ оның әлі де қымбат спорткарлармен көрінетінін атап өтті.
«Я говорил ему, что деньги — это не всё. Просил пригнать обычные машины, а он приезжает на „Феррари“, „Ламборгини“, вот на всём этом. Нам нужно научить его скромности», — деп түйіндеді Чимаев.
Оған жауап ретінде Царукян бұл жолы көзге түсе бермейтін нұсқаны таңдағанын айтып, өз көлігін «қарапайым» Lamborghini Urus деп сипаттады.
Роликтің соңында кадр сыртындағы ер адам спортшының қашан нағыз «ерлер көлігі» саналатын жүк көлігінің руліне отыратынын сұрайды. Бейнежазбаны әлеуметтік желіде BIG FISH BOXING бренді негізін қалаушыларының бірі Павел Сахаревский жариялады.
