Мадридтік «Атлетико» клубының шабуылшысы Хулиан Альварес БАҚ-та тараған, оған «Барселона» қызығушылық танытты деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ, дереккөз — «Чемпионат».
Аргентиналық форвард мұндай хабарларға мән бермейтінін және бар назарын қазіргі клубындағы ойынына аударғанын атап өтті.
«Стараюсь особо не обращать внимания на слухи, ведь каждую неделю появляется что-то новое, любая информация. Не трачу на это энергию и посвящаю себя работе в „Атлетико“», — деп келтіреді Альварестің сөздерін журналист Фабрицио Романо X әлеуметтік желісінде.
Қазіргі маусымда Альварес «Атлетико» сапында барлық турнирлерде 47 матч өткізіп, 19 гол соқты және тоғыз нәтижелі пас берді. Шабуылшының мадридтік клубпен жасалған келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін күшінде.
Transfermarkt порталының мәліметінше, 26 жастағы форвардтың нарықтық құны € 90 млн көлемінде бағаланады.
