Футбол агенті Тимур Гурцкая «Пари Сен-Жермен» басшылығы ресейлік қақпашы Матвей Сафоновпен келісімшартты неғұрлым тиімді шарттармен ұзарту жөнінде келіссөздер бастағанын хабарлады, деп жазады BOOKIE.KZ, дереккөзі — «Чемпионат».
Агенттің айтуынша, париждік клуб қақпашыға сенім білдіріп, оның командаға және киім ауыстыру бөлмесіне бейімделуін жоғары бағалап отыр.
«Насколько я знаю, они сейчас ему предлагают продлить контракт на улучшенных условиях. То есть они на него рассчитывают. Говорят, его вся команда любит, знаешь? То есть хорошо относятся. Он, видишь, молодец, язык выучил», — деді Гурцкая.
Матвей Сафонов «ПСЖ» сапында 2024 жылдың жазынан бері ойнап келеді. Ресейлік қақпашының француз клубымен қолданыстағы келісімшарты 2029 жылдың жазы аяқталғанға дейін күшінде.
Ағымдағы маусымда қақпашы барлық турнирлерде 22 матчқа қатысып, олардың 11-інде қақпасын голдан аман сақтап қалды.
