Фото: Waldemar Brandt на Unsplash
Футбол/2026 ж. 29 сәуір

Футбол комментаторы ЛЧ-дегі «ПСЖ» — «Бавария» матчының есебін ессіз деп атады

Bookie.kz жаңалықтар редакциясы

Футбол комментаторы әрі тележүргізуші Константин Генич «ПСЖ» бен «Бавария» арасындағы Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалдық ойынына пікір білдірді. Париж клубы 5:4 есебімен жеңіске жеткен бұл кездесу туралы ол ерекше әсерімен бөлісті, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Ойын 28 сәуір күні Парижде өтіп, турнирдің жартылай финал кезеңіндегі ең нәтижелі матчтардың біріне айналды. Қос команда қақпаға тоғыз гол соғып, матчтың тағдыры екінші таймда шешілді.

«Как можно в полуфинале ЛЧ играть 5:4?! Безумие какое-то», — деп жазды Генич өз телеграм-арнасында.

Жауапты кездесу 6 мамырда Мюнхенде өтеді. Бұған дейін «ПСЖ» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Ливерпульді» (екі матч қорытындысы бойынша 4:0), «Челсиді» (8:2) және «Монаконы» (5:4) жарыстан шығарды.

«Бавария» жартылай финалға дейін мадридтік «Реалды» (екі ойын қорытындысы бойынша 6:4) және италиялық «Аталантаны» (10:2) жеңіп, өз алаңындағы жауапты матч алдында финалға шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Бізге қосылыңыз

Жеңіске бірге жетейік!

Telegram каналымызға жазылып, соңғы жаңалықтар мен нақты болжамдарды бірінші болып оқыңыз.

Жазылу

Басқа жаңалықтар

Болжамдар