«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Гарри Магуайр команданы Рубен Аморим басқарған кезең және қазіргі бас бапкер Майкл Кэрриктің жұмысы туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Футболшының айтуынша, Аморим кезінде «Манчестер Юнайтедтің» әр матчтағы мүмкіндіктері қарсыласпен шамалас болып көрінгенімен, нәтижесінде ойындар жиі манкуниандықтардың жеңілісімен аяқталды.
«Когда в клубе работал Рубен Аморим, расклад сил в наших матчах был 50/50… Но они чаще завершались поражениями.
Сейчас всё ощущается совершенно иначе, мы гораздо лучше играем как в своей штрафной площади, так и в чужой. Мы обороняемся намного лучше, а в атаке действуем более уверенно», — приводит слова Магуайра журналист Фабрицио Романо в социальной сети X.
Оның сөзінше, Кэррик келгеннен кейін команда өз айып алаңында да, қарсылас аймағында да сенімдірек ойнай бастады, қорғаныста да, шабуылда да айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Магуайрдың бұл пікірін италиялық инсайдер Фабрицио Романо әлеуметтік желіде келтірді.
Қазіргі маусымда «Манчестер Юнайтед» 61 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.
