Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Альваро Арбелоа Испания чемпионатының 32-турында «Бетиске» қарсы өткен сырт алаңдағы ойында командасының жеңісті сақтай алмауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» порталына сілтеме жасап.
Севильяда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 17-минутта «Реалды» алға Винисиус Жуниор шығарды, алайда алаң иелері 90+4-минутта Эктор Бельериннің голының арқасында есепті теңестірді.
Арбелоа жаттықтырушылар штабы нақты бір факторды бөліп көрсете алмайтынын айтып, матчтың соңғы бөлігіндегі жалпы жүйкеге салмақ түскенін атап өтті.
«Если бы у нас была чёткая причина, мы бы её исправили. Когда игра складывается так напряжённо, могут происходить подобные ситуации. И очевидно, что нам не везёт», — деген Арбелоаның сөздерін испандық AS порталы келтіреді.
Ла Лиганың 32 турынан кейін «Реал» 74 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр. «Бетис» 50 ұпаймен бесінші сатыда орналасқан.
Келесі турда Альваро Арбелоа жаттықтыратын команда «Эспаньолға» қарсы ойнайды, ал Мануэль Пеллегринидің ұжымы «Овьедомен» кездеседі. Екі матч та 3 мамырға жоспарланған.
