Фото: Fancy Crave на Unsplash
Футбол/2026 ж. 28 сәуір

«ПСЖ» қақпашысы голға бай матчтен кейін әсерімен бөлісті

Bookie.kz жаңалықтар редакциясы

«Пари Сен-Жермен» клубының қақпашысы Матвей Сафонов Мюнхеннің «Бавариясымен» өткен, париждіктердің 5:4 есебімен нәтижелі жеңісімен аяқталған Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Ресейлік қақпашы француз клубының бастапқы құрамында алаңға шығып, кездесудің толық 90 минутын өткізді.

«Думаю, что именно про такие матчи говорят, что их по пальцам можно пересчитать в карьере. Первая часть представления окончена, готовимся ко второй», — написал Сафонов в своём телеграм-канале.

2025/2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының 1/2 финалының алғашқы ойыны 28 сәуір күні Парижде өтті. «ПСЖ» мен «Бавария» арасындағы жауап матчы 6 мамырда «Арена Мюнхен» стадионында өтеді.

Сафоновтың париждік клубпен қолданыстағы келісімшарты 2029 жылдың жазы аяқталғанға дейін күшінде. Transfermarkt порталының мәліметінше, қақпашының нарықтық құны € 22 млн көлемінде бағаланады.

Бізге қосылыңыз

Жеңіске бірге жетейік!

Telegram каналымызға жазылып, соңғы жаңалықтар мен нақты болжамдарды бірінші болып оқыңыз.

Жазылу

Басқа жаңалықтар

Болжамдар