«Ордабасы» клубының орталық қорғаушысы Ги-Марселен Килама бірнеше жыл бұрын Португалияның «Порту» командасына ауысуға жақын болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ сайты ASnews.kz порталына сілтеме жасап.
Камерундық футболшы мансабының бастапқы кезеңінде Португалияның жетекші клубтарының бірімен келіссөздер жүргізілгенін, бірақ трансфер соңына дейін жетпегенін айтты. Кейін оған басқа командалар да қызығушылық танытқан, олардың қатарында Түркия суперлигасындағы «Газиантеп» те болған.
«Переговоры в футболе – обыденное явление. До «Ньора» я мог заключить контракт с «Порту», но не срослось. Недавно был интерес со стороны других команд, в числе которых – «Газиантеп» из суперлиги Турции. Но сосредоточен только на «Ордабасы».
Қорғаушы қазіргі таңда толықтай шымкенттік клубтағы ойынына көңіл бөлетінін атап өтіп, маусымға баға беруде командалық және жеке мақсаттарды басты өлшем деп санайтынын жеткізді.
«Если нам удастся завоевать чемпионство или пробиться в еврокубки, это будет хороший сезон. А в личном плане хочу сохранять стабильность и расти дальше», – сказал 26-летний игрок.
«Ордабасы» клубының жаңадан келген ойыншысы Ги-Марселен Килама – Камерун құрамасының қазіргі футболшысы. Ұлттық команданың жалпы трансферлік құны 197,4 млн еуроға бағаланады.
Бұған дейін Килама Түркияның «Хатайспор» клубында өнер көрсеткен, ал биылғы маусымда шымкенттік команда сапында әлі жеңіліс көрген жоқ.
«Порту» Португалиядағы ең атақты клубтардың бірі саналады: команда екі рет Чемпиондар лигасында топ жарған, ел чемпиондығын 30 мәрте иеленген және екі рет Еуропа лигасының жеңімпазы атанған.
