Грозныйдағы «Ахмат» клубында Мирослав Ромащенконың қол астында ойнаған қорғаушы Ясмин Челикович белорус маманының Костанайдың «Тобол» командасына қандай футбол әкелетінін айтып берді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ ASnews.kz дерегіне сілтеме жасап.
Босниялық легионердің айтуынша, «Тоболдың» жаңа бас бапкері белсенді әрі жылдам футболды қалайды, онда команда допты өзінде ұстап, ұзын пас пен алыс алға тебулерден барынша бас тартады.
«Он принесет очень много позитивной энергии, и я считаю, что клуб будет только расти под его руководством. Ромащенко предпочитает агрессивный, динамичный, быстрый и эффективный футбол. Проще говоря, любит, когда игра ведется от ноги к ноге с минимальным количеством длинных передач и „перебросов“», – отметил боснийский футболист.
Челикович маманның жүйелі көзқарасы мен алдын ала дайындалған тактикалық сызбалары костанайлық клубтың ойынын жаңа деңгейге көтере алатынын атап өтті.
«Считаю, что своими футбольными идеями и наработанными схемами он поднимет игру команды на еще более высокий уровень. Уверен, что он быстро адаптируется, потому что четко знает, что делает», – сказал Челикович.
Ромащенконың жетекшілігімен өткен алғашқы ойында «Тобол» Ақтаудың «Каспий» командасын 2:1 есебімен жеңді. Жалпы Челикович қазіргі костанайлық бапкер басқарған кезеңде «Ахмат» сапында 22 матчқа қатысқан.
