Мюнхендік «Баварияның» бақылау кеңесінің мүшесі Карл-Хайнц Румменигге форвард Гарри Кейн енді команда ойын үлгісінде басқа функция атқаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Руммениггенің айтуынша, жоғары нәтижелілігімен танылған ағылшын шабуылшысы енді допты таратуға белсендірек қатысып, алаңның тереңіне жиі шегінеді, іс жүзінде плеймейкер міндетін орындайды. Неміс функционері мұндай өзгеріс Кейннің әріптестерінің шабуыл әлеуетін жақсырақ ашуға көмектетінін атап өтті.
«Он всегда был великим нападающим, забивавшим много голов, но теперь он плеймейкер, опускающийся в полузащиту и использующий свои прекрасные длинные передачи, чтобы выводить на ударные позиции Майкла Олисе и Луиса Диаса. Это очень важно для нашего стиля игры», — приводит слова Румменигге T-Online.
Кейн «Бавария» сапында 2023 жылдың тамызынан бері өнер көрсетіп келеді, оның қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Қазіргі маусымда форвард 45 матчта 53 гол соғып, алты нәтижелі пас берген.
Transfermarkt порталының дерегінше, 32 жастағы ағылшын ойыншысының нарықтық құны € 65 млн мөлшерінде бағаланады.
