Италия құрамасының бұрынғы бас бапкері Дженнаро Гаттузо Мир Ресей Премьер-лигасы клубтарынан түсетін жұмыс ұсыныстарын қарастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
Маман қазір жаңа жобаларға ашық екенін және жаттықтырушылық мансабын жалғастыру үшін нақты ұсыныстарды күтетінін атап өтті.
«Я буду рассматривать работу в России. Мне нужно предложение, чтобы его рассмотреть. Моя работа — тренировать. Поэтому, если будет стоящее предложение, я готов попробовать себя в одном из российских клубов», — приводит слова Гаттузо Sport24.
48 жастағы италиялық бапкер 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі плей-офф финалындағы сәтсіздіктен кейін ұлттық құрамамен қоштасты. Италия құрамасы Босния және Герцеговина командасына пенальти сериясында жол берді: негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды, ал он бір метрліктер сериясында италиялықтар 1:4 есебімен ұтылды.
Осы нәтижеге байланысты Италия құрамасы әлем чемпионатына үшінші рет қатарынан қатыса алмайды.
