Грозныйдағы «Ахмат» клубында Мирослав Ромащенконың қол астында ойнаған босниялық қорғаушы Ясмин Челикович маманның қостанайлық «Тоболдағы» жұмысына қатысты өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды BOOKIE.KZ ASnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Футболшы жаңа бас бапкердің талаптары мен жұмыс тәсілдерін жақсы білетінін атап өтті.
«Ромащенко – отличный тренер и еще лучший человек. Для него критически важны дисциплина и концентрация. Уверен, что он будет требовать от каждого игрока и от всех членов клубного персонала максимальной сосредоточенности. Этот человек хочет, чтобы весь клуб дышал как единое целое. Он нацелен исключительно на успех и умеет извлекать из каждого лучшие качества. Пользуясь случаем, поздравляю его с назначением и желаю всего наилучшего», – заявил Челикович.
Ромащенконың жетекшілігімен босниялық легионер «Ахмат» сапында 22 матчқа қатысты. Енді ресейлік маман «Тоболдың» тізгінін ұстап, бас бапкер қызметінде Нұрбол Жұмасқалиевтің орнын басты.
Ромащенконың қостанай клубының бас бапкері ретіндегі ресми дебюті премьер-лиганың жетінші турындағы кездесуде өтті. Бұл ойында «Тобол» өз алаңында ақтаулық «Каспийді» 2:1 есебімен жеңді.
Бұған дейін Ромащенконың тағайындалуына қатысты пікірін КПЛ клубтарының бұрынғы қорғаушысы Виталий Волков білдірген болатын.
