Қазақстанның 16 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Талғардағы ұлттық құрамалар базасында өтетін УЕФА халықаралық даму турниріне арналған өтінімін жасақтады, деп хабарлайды BOOKIE.KZ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасынан бөлек жарысқа Эстония, Израиль және Өзбекстанның қыздар құрамалары қатысады. Ойындар 2, 4 және 8 мамыр күндері өтеді.
Турнирге дайындыққа арналған оқу-жаттығу жиыны 25 сәуірде Алматыда басталады. Бас бапкер Юлия Мамонованың жетекшілігімен команда Талғарға барудың алдында жаттығулар өткізеді.
УЕФА даму турниріне арналған Қазақстан WU-16 құрамасы:
Қақпашылар: Ақнұр Жақсыкелді, Екатерина Алещенко (екеуі де – «Қайрат»), Айша Шәріп («Астана»).
Қорғаушылар: Каусар Алпысбай, Динара Дүрмекбаева, Елизавета Остертак, София Яшкова (барлығы – «Қайрат»), Сабина Айтжанова, Валерия Косарева («Ертіс»), Айнель Сманова («Астана»), Анастасия Шерстнёва («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар: Айнұр Ануарбек, Нұрай Болатова («Жетісу»), Саида Дүйсембаева («Шахтер»), Оксана Никитченко («Қайрат»), Алина Сартаева («Тобыл»), Даяна Төлебаева («Ақтөбе»), Жібек Марат («Зенит-Аланья», Түркия).
Шабуылшылар: Айжан Есіркепова («Ақтөбе»), Зарэма Максот, Софья Рыбак (екеуі де – «Астана»), Милена Николенко, София Ягудина (екеуі де – «Қайрат»), Тахмина Ташбоева («Тараз»), Балжан Төлеміс («Жетісу»).
Бапкерлік штаб: Юлия Мамонова – бас бапкер, Сюзанна Корнецова – бас бапкердің көмекшісі, Екатерина Красюкова – дене дайындығы жаттықтырушысы, Ирина Саратовцева – қақпашылар жаттықтырушысы, Айдана Рамазанова – дәрігер, Лейла Есімжанова – массаж жасаушы, Ренат Шайхесламов – бейнеоператор, Серік Жұғралин – менеджер.
