Футбол/2026 ж. 28 сәуір

«ПСЖ» жұлдызының әкесі ұлына қызығушылық танытқан АПЛ клубтары жайлы айтты

Bookie.kz жаңалықтар редакциясы

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Хвича Кварацхелияның әкесі Бадри Кварацхелия ұлының париждік клубтағы болашағы туралы, ағылшын командаларының қызығушылығы жөніндегі хабарлар аясында пікір білдірді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ, дереккөз: «Чемпионат».

Кварацхелия-старший ұлы қазіргі уақытта Чемпиондар лигасының қолданыстағы жеңімпазы, биылғы маусымда да жартылай финалға шыққан клубта ойнап жүргенін еске салды. Оның айтуынша, «ПСЖ»-де шабуылшыға сенім артады, оны жоғары бағалап, команданың көшбасшыларының бірі ретінде қарастырады.

«Хвича играет в очень сильном и успешном клубе, где его любят и доверяют, он — один из ведущих игроков команды, которая является действующим обладателем Лиги чемпионов и полуфиналистом текущего турнира. Почему он должен думать о переходе?! Если у парижского клуба пропадёт желание продолжать сотрудничество, мы тоже задумаемся об уходе, но сейчас этот вопрос даже не обсуждается», — приводит слова Кварацхелии грузинский портал Kvirispalitra.ge.

Футболшының әкесі Франция құрамасының жетекші ойыншыларымен бәсекелестікке қарамастан, Хвичаның дерлік әрқашан негізгі құрамда алаңға шығатынын атап өтті. Оның сөзінше, «ПСЖ» басшылығы грузин ойыншысын команда үшін алмастырылмас фигура деп санайды.

«Да, часто пишут об интересе „Арсенала“ и других английских клубов, но мой сын не обращает внимания на такие слухи. Он — один из лучших игроков одной из лучших команд Европы, его ценят, любят, он играет — зачем думать о смене клуба?! Хвича думает только об интересах команды и о том, как помочь клубу и прославить свою родину...», — добавил Бадри Кварацхелия.

Бұған дейін БАҚ-та шабуылшыға Лондонның «Арсенал» клубы қызығушылық танытып отырғаны хабарланған еді.

Қазіргі маусымда Хвича Кварацхелия барлық турнирлерде 42 матч өткізіп, 16 гол соқты және тоғыз нәтижелі пас берді. Шабуылшының париждік клубпен келісімшарты 2029 жылдың жазыңа дейін күшінде. Transfermarkt порталы Грузия құрамасының ойыншысының нарықтық құнын € 90 млн деп бағалайды.

Бізге қосылыңыз

Жеңіске бірге жетейік!

Telegram каналымызға жазылып, соңғы жаңалықтар мен нақты болжамдарды бірінші болып оқыңыз.

Жазылу

Басқа жаңалықтар

Болжамдар