Фото: Adi-DE на Unsplash
Футбол/2026 ж. 27 сәуір

«Елимайды» құтқарған жартылай қорғаушы «Қайратқа» қарсы екінші таймдегі сәтсіздікті түсіндірді

Bookie.kz жаңалықтар редакциясы

«Елимай» жартылай қорғаушысы Арсен Аширбек Алматыда өткен «Қайратқа» қарсы сырт алаңдағы ойынды қорытындылап, семейлік клубты соңғы минутта жеңілістен құтқарған матч жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды BOOKIE.KZ, дереккөзі – Meta-ratings.kz.

Аширбектің айтуынша, Алматыдағы кездесу екі команда үшін де өте ауыр өтті, сондықтан 2:2 есебімен аяқталған тең нәтижеге ешбір тарап толық қанағаттанбаған.

«Матч выдался тяжелым. Думаю, обе команды остались недовольны результатом – они вышли с мыслью, что выиграют, и мы тоже хотели выиграть. Но принимаем этот результат, все по воле Аллаха», – деп атап өтті жартылай қорғаушы.

Арсен Аширбек басымдықты уыстан шығарып алудың себептеріне тоқталып, үзілістен кейін команда ойыны төмендеп, зейіннің жетіспегенін мойындады. Оның сөзінше, екінші таймда алматылықтар шабуыл шебін күшейтіп, қысымды арттырған, соның салдарынан қонақтар қақпасына екі гол соғылған.

Футболшы маусымға қойған жеке мақсаттары туралы да айтты. Ол өз позициясы жартылай қорғаушы болғанына қарамастан, шабуылда нәтижелі әрекет жасауға да, қорғаныста сенімді ойнауға да ұмтылатынын жеткізді.

«У каждого игрока есть желание забивать как можно больше. Но учитывая, что я полузащитник, хочется и не пропускать, отыгрывать матчи на ноль. Главная цель – победа команды. Сколько бы голов я ни забил, если команда проиграла – я не буду доволен. На каждый матч выходим с целью победить», – деді «Елимай» ойыншысы.

Аширбек өткен маусымды өткізген «Окжетпес» клубының ойындарын әлі де бақылап отыратынын айтып, кокшетаулық команданың қазіргі деңгейіне оң бағасын берді.

«Да, я смотрю игры “Окжетпеса”. Думаю, каждый игрок смотрит матчи своей предыдущей команды. Ничего не могу сказать про их игру, они молодцы, показывают хороший футбол», – деп қосты ол.

Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында «Елимай» сырт алаңда «Қайратпен» 2:2 есебімен тең түсті. Кездесудің 90-минутында Арсен Аширбек айып алаңы сызығынан дәл соққы жасап, командасына бір ұпай сыйлады. Тур қорытындысы бойынша алматылық клуб турнир кестесінде «Ордабасы» командасымен бірге бірінші орынды бөлісіп тұр, екі ұжымның да еншісінде 15 ұпайдан бар. «Елимай» 13 ұпай жинап, үшінші орында орналасқан.

Арсен Аширбек 2026 жылдың қысында Семей клубының сапын толықтырды. Бұған дейінгі маусымды жартылай қорғаушы «Окжетпесте» өткізіп, барлық турнирлерде 22 матчқа қатысқан.

Бізге қосылыңыз

Жеңіске бірге жетейік!

Telegram каналымызға жазылып, соңғы жаңалықтар мен нақты болжамдарды бірінші болып оқыңыз.

Жазылу

Басқа жаңалықтар

Болжамдар