«Милан» клубының бас бапкері Массимилиано Аллегри Италия чемпионатының 34-турында «Ювентусқа» қарсы өткен, голсыз аяқталған үйдегі матчтың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды BOOKIE.KZ «Чемпионатқа» сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, «Сан-Сиродағы» кездесу тең дәрежеде өтті және екі команда да жоғары тактикалық тәртіп көрсетті. Ол миландықтар да, туриндіктер де бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырғанын, ал «Ювентустың» ойыншылар ауыстыру арқылы флангтерді күшейтуге мүмкіндік беретін мықты құрамы бар екенін атап өтті.
Аллегри «Миланның» қорғаныстағы ойынына жеке тоқталды. Ол шәкірттері өз қақпаларының маңында сенімді әрекет еткенін және тек бір эпизодта — қорғаушы Давиде Бартезаги басымен допқа жете алмаған навес кезінде — айтарлықтай қателік жібергенін айтты.
«Это была очень сбалансированная, тактически грамотная игра, на кону стояло очень многое. У нас было несколько моментов, как и у „Ювентуса“. У „Ювентуса“ очень сильный состав, игроки могут выходить на замену и обыгрывать соперников по флангам, но мои ребята очень хорошо оборонялись, за исключением одного навеса, до которого Давиде [Бартезаги] не смог дотянуться головой», — привела слова Аллегри Football Italia со ссылкой на DAZN Italia.
Италиялық бапкер команда маусым алдындағы мақсатына қарай қозғалысын жалғастырып жатқанын еске салды. Оның есебінше, «Миланға» бұл межені математикалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін алты ұпай, яғни екі жеңіс жеткілікті.
«Мы можем быть довольны ничьей, так как это позволяет нам сделать ещё один небольшой шаг вперёд. Математически нам осталось всего шесть очков до достижения цели, а это значит, что нужно выиграть две игры. Ничья — это правильный результат, это сбалансированные матчи, где один эпизод может изменить ход игры, и это справедливый результат», — резюмировал Аллегри.
